Канело Усикке сенім артып, 240 миллион теңге бәс тікті

Бокс
Чемпионат
Әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альварес украиналық Александр Усиктің жеңісіне сеніп, алдағы реванштық жекпе-жекке қомақты қаржы тікті, деп хабарлайды Bassport.kz.
Сауль Альварес Александр Усик пен Даниель Дюбуа арасындағы ауыр салмақтағы қарымта кездесу алдында өзінің фаворитін атады. Мексикалық жұлдыз украиналық боксшының жеңісіне 500 мың АҚШ долларын (яғни 240 миллион теңге) қойғанын мәлімдеді. Жекпе-жек 19 шілде күні Лондондағы әйгілі «Уэмбли» стадионында өтеді.
— Соңғы бес жылда Усик үздіктерді жеңіп келеді. Оның дене дайындығы мықты, техникасы мен тактикасы жоғары деңгейде. Ол — өте ақылды боксшы. Мен мұндай зейінді спортшыларды көргенде әрдайым сенім артамын. Сондықтан да оның жеңісіне бәс тіктім. Александр, өзің бол, — деді Канело.
Айта кетейік, Сауль Альварес өзі де биыл күзде үлкен айқасқа шығады. Қыркүйек айында ол Лас-Вегастағы T-Mobile Arena стадионында Теренс Кроуфордпен кездеседі.