Экс-«Барыс» және Қазақстан құрамасының хоккейшісі «Динамо» сапында ойнайды

Экс-«Барыс» және Қазақстан құрамасының хоккейшісі «Динамо» сапында ойнайды
Хоккей

icehockey.kz

Қорғаушы Эмиль Нургалиев Жоғары хоккей лигасында (ВХЛ) өнер көрсететін Новокузнецкінің «Динамо» клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Bassport.kz Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен маусымды Эмиль «Адмирал» сапында бастап, бес матч өткізіп, нәтижелі әрекетпен көзге түсе алмады. Кейін ол Новокузнецкінің «Металлург» клубына ауысып, ВХЛ-дың тұрақты чемпионаты мен плей-офф кезеңінде 34 ойында 15 (3+11) ұпай жинады.

2022–2023 және 2023–2024 маусымдарда Уфа хоккей мектебінің түлегі Астананың «Барыс» командасында өнер көрсетті. Бұл клуб сапында 66 матч өткізіп, 9 (2+7) ұпай еншіледі.

2023 жылы Эмиль Нургалиев ресейлік азаматтығынан бас тартып, Қазақстан азаматтығын қабылдап, әлем чемпионатында ұлттық құрама сапында ойнауды жоспарлаған болатын. Ол Қазақстан құрамасының сапында үш бейресми турнирге қатысқан.