Ламин Ямаль 18 жасын ерекше етіп атап өтпек

Ламин Ямаль 18 жасын ерекше етіп атап өтпек
Футбол

Sportbox

«Барселона» клубының және Испания құрамасының жас жұлдызы Ламин Ямаль ертең, 13 шілдеде 18 жасқа толады. Осыған орай вундеркинд Барселонада ауқымды кеш ұйымдастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Bassport.kz.

Marca басылымының мәліметінше, кешке түрлі стримерлер, әншілер және командадағы серіктестері шақырылған. Алайда Ямаль жеке өміріне қатысты мәліметтердің таралып кетпеуін қалайды. Сол себепті ол кеш туралы толық ақпарат бермей отыр.

Кештің ең басты талабы — барлық қонақтар кірер алдында ұялы телефондарын тапсыруы тиіс. Бұл шара жастардың көңіл көтеру сәттерін сырт көзден қорғауға бағытталған.

Айта кетейік, бұған дейін жас ойыншының тәртібіне қатысты сын айтылған болатын. Кей деректерге сүйенсек, ол бос уақытында түнгі орындарда жиі бой көрсетіп жүрген.

Ламин Ямаль жаңа маусымдағы алғашқы ресми ойынын 16 тамызда «Барселонаның» «Мальоркаға» қарсы сырт алаңдағы кездесуімен бастайды. Бұл матч Ла Лиганың 1-туры аясында өтпек.