38 жастағы Месси МЛС тарихында бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізді

Sport24.ru
«Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси Солтүстік Америка футбол лигасының (МЛС) тарихына енді. Аргентина құрамасының капитаны МЛС-тің кезекті турында «Нью-Инглэнд Революшн» командасына қарсы матчта дубль жасап, бұрын-соңды ешбір футболшы жетпеген көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com-ға сілтеме жасап.
МЛС-тің ресми мәліметінше, Месси — төрт матч қатарынан екі немесе одан да көп гол соққан лигадағы алғашқы футболшы атанды.
Осыған дейін аргентиналық жұлдыз:
• «Клёб де Фут Монреальге» қарсы матчта — 2 гол мен 1 ассист,
• «Коламбус Крюге» қарсы — 2 гол мен 2 нәтижелі пас,
• Тағы да «Монреальге» қарсы ойында — 2 гол мен 1 пас көрсеткен.
Жалпы, 25 мамырдан бері өткен төрт кездесуде Месси 8 гол және 7 нәтижелі пас орындады.
38 жасында осындай ойын көрсетіп отырған Месси өзінің шеберлігі мен физикалық формасын дәлелдеп, МЛС-тің жаңа тарихын жазып отыр.