Бекзад Нұрдәулетов қарсыласын нокдаунмен ұтып, финалға жолдама алды

olympic.kz
Астанада өтіп жатқан бокстан World Boxing Кубогының жартылай финалында 85 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов түрік боксшысы Самет Ерсоймен кездесіп, сенімді жеңіске жетті. Бұл туралы Bassport.kz хабарлайды.
Үш раундтық жекпе-жекте Нұрдәулетов толық басымдық танытты. Соңғы раундта ол қарсыласын нокдаунға түсіріп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңімпаз атанды.
Осылайша, Бекзад Нұрдәулетов Кубоктың финалына шығып, алтын жүлде үшін таласады. Самет Ерсой турнирді қола медальмен аяқтады.
Айта кетейік, Бекзад — 2019 жылғы әлем чемпионы және 2024 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы. Ал Ерсой халықаралық ареналарда әлі ірі жетістікке жетпегенімен, Түркия чемпионатында алты мәрте топ жарған тәжірибелі спортшы.