Санжар Тәшкенбай финалда: Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы басты жекпе-жек айқын жеңіспен аяқталды

Санжар Тәшкенбай финалда: Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы басты жекпе-жек айқын жеңіспен аяқталды
Бокс

Sports24.kz

Астанада өтіп жатқан бокстан World Boxing әлем кубогында 50 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық Санжар Тәшкенбай жартылай финалда Әзірбайжан боксшысы Субхан Мамедовпен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Бұл туралы Bassport.kz хабарлайды.

Тәшкенбай қарсыласынан техникалық және тактикалық тұрғыдан асып түсіп, төрешілердің бірауызды шешімімен финалға жолдама алды. Ал Мамедов жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай — 2023 жылғы әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионатының алтын жүлдегері. Астанадағы жарыста ол ширек финалда жапониялық Содаи Котоны жеңген болатын.

Финалда Тәшкенбай алтын медаль үшін шешуші жекпе-жек өткізеді.