Салах Жотаның қазасына байланысты демалысын үзді

Салах Жотаның қазасына байланысты демалысын үзді
Футбол

Чемпионат

“Ливерпуль” клубының мысырлық шабуылшысы Мохаммед Салах демалысын уақытынан бұрын тоқтатып, Англияға шұғыл түрде оралуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Bassport.kz араб басылымы Yallakora-ға сілтеме жасап.

Бұл шешімге оның командаласы Диогу Жотаның қаза табуы себеп болған. Жота мен Салахты алаңдағы жеңістер ғана емес, сонымен қатар достық қарым-қатынастары да біріктіріп тұрған. Португалиялық футболшының мезгілсіз өлімі Салах үшін ауыр соққы болды.

Әзірге Салах ресми түрде пікір білдірмегенімен, оның әрекеті көп нәрсені аңғартады — ол жеке жоспарларын кейінге ысырып, клубпен бірге осы қайғылы кезеңді бірге өткеруді жөн көрді.

Еске салайық, Диогу Жота мен оның інісі Андре Силва Испанияда орын алған ауыр жол апатынан көз жұмды. Жота 2020 жылдан бері “Ливерпуль” сапында өнер көрсетіп, Англия Премьер-лигасы, Англия Кубогы және екі Кубок лигасының жеңімпазы атанған. Оның өлімі футбол әлемі үшін ауыр қайғы болды.