World Boxing Cup: Бесінші күннің нәтижесі

World Boxing Cup: Бесінші күннің нәтижесі
Бокс

Vesti.kz

Астанада өтіп жатқан бокстан әлем Кубогының бесінші күнінде Қазақстан құрамасынан бес боксшы шаршы алаңға шықты. Күн қорытындысы бойынша төрт спортшымыз қарсыластарынан басым түсіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Нәтижелер:

– 51 келі, ширек финал: Алуа Балқыбекова (Қазақстан) – Юна Нишинака (Жапония) – жеңіс

– 65 келі, ширек финал: Аида Әбікеева (Қазақстан) – Сукён Кан (Корея) – жеңіс

– +80 келі, жартылай финал: Елдана Талипова (Қазақстан) – Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан) – жеңіс

– 65 келі, ширек финал: Ертуған Зейнуллинов (Қазақстан) – Хюго Грау (Франция) – жеңіс

– 90 келі, жартылай финал: Сағындық Тоғамбай (Қазақстан) – Емра Ясар (Түркия) – жеңіліс

90 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Сағындық Тоғамбай жартылай финалда қарсыласына жол беріп, жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Барлық жекпе-жектерді Qazsport телеарнасының YouTube арнасынан тамашалауға болады.