World Boxing Cup: Төртінші күннің қорытындылары

World Boxing Cup: Төртінші күннің қорытындылары
Бокс

Казинформ

Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының төртінші күні отандық боксшылар үшін сәтті өтті. Жеті жекпе-жекте Қазақстаннан алты спортшы жеңіске жетті.

Күндізгі сессия нәтижелері:

– 70 кг: Наталья Богданова (Қазақстан) – Барбара Дос Сантос (Бразилия) – жеңіс

– 80 кг: Нұрбек Оралбай (Қазақстан) – Лакшия Чахар (Үндістан) – жеңіс

– 60 кг: Серік Теміржанов (Қазақстан) – Шунсуке Китамото (Жапония) – жеңіліс

Кешкі сессия нәтижелері:

– +90 кг: Айбек Оралбай (Қазақстан) – Диего Лензи (Италия) – жеңіс

– 57 кг: Айдана Забынбекова (Қазақстан) – Алисса Мендоса (АҚШ) – жеңіс

– 55 кг: Махмұд Сабырхан (Қазақстан) – Джуд Аарон Бадо (Филиппин) – жеңіс

– 75 кг: Сабыржан Аққалықов (Қазақстан) – Джошуа Офори (Канада) – жеңіс

Барлық кездесулерді «Qazsport» телеарнасының YouTube арнасынан тамашалауға болады.