Казақстанның «бокс державасы» мәртебесі қайта мойындалды

Бокс
QMonitor.kz
Астанада өтіп жатқан World Boxing әлем кубогында Азия құрлығының боксшыларының өнері жоғары бағаланды. Бұл туралы Азия бокс конфедерациясының (ASBC) баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Bassport.kz.
«Азиялық боксшылар алғашқы күндерден-ақ керемет нәтиже көрсетіп, құрлықтың халықаралық аренадағы салмағын одан әрі нығайтты. Медальдық кездесулерге жақындаған сайын Азияның бокс әлеуеті мен дайындық деңгейі айқын көріне бастады. Жеңісті шешімдерден бастап техникалық нокдаундарға дейінгі жекпе-жектер – боксшылардың тәртібі мен күшін ғана емес, сонымен қатар спортты жаңа дәуірге бастайтын жігерін көрсетті», – делінген ASBC хабарламасында.
Ұйым сонымен қатар Қазақстан боксшыларын ерекше атап өтті:
«Қазақстан бұл спорт түрінде өзін бокс державасы ретінде орнықтырып келеді», – деді конфедерация өкілдері.