Өзбекстан бокс федерациясы ерлер құрамасының Астанадағы әлем кубогына неге қатыспағанын түсіндірді

Бокс
Kun.uz
Өзбекстан бокс федерациясының бас хатшысы Шохид Тиллабоев Қазақстан астанасында өтіп жатқан World Boxing әлем кубогына ерлер құрамасының неге қатыспағанын түсіндірді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Айта кетейік, Астанадағы жарысқа Өзбекстан атынан тек әйелдер құрамасы ғана қатысуда.
— Ерлер құрамасы биыл көптеген жекпе-жек өткізді. Сондықтан жарақат пен артық жүктемеден сақтау үшін алдын ала жасалған жоспарға сай жұмыс істеуді жөн көрдік. Мұндай деңгейдегі жарыстарда жақсы нәтиже көрсету үшін спортшыларды бабына келтіру қажет. Алайда бізді жақын арада Ливерпульде өтетін әлем чемпионаты күтіп тұр. Егер спортшыларды дәл қазір шарықтау шегіне жеткізсек, оларды маусымның басты жарысына дайындауда қиындықтар туындауы мүмкін. Сондықтан біз бапкерлер штабының жоспарына сәйкес әлем чемпионатына дайындыққа назар аударуды ұйғардық, — деді Тиллабоев Olamsport.com-ға берген сұхбатында.
World Boxing ұйымы ұйымдастыратын әлем чемпионаты 4–14 қыркүйек аралығында Ливерпуль қаласында өтеді.