Хабиб Нурмагомедовте қаржылай мәселелер туындады

Хабиб Нурмагомедовте қаржылай мәселелер туындады
Жекпе-жек

Новости Элисты и Калмыкии

ММА-дан бұрынғы ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов Ресейдің Федералдық салық қызметіне тағы да қарыз болып қалды, деп хабарлайды Bassport.kz Shot Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Аталған дереккөздің мәліметінше, экс-чемпион қазіргі уақытта салық органдарына 1,8 миллион рубль берешек. Қарыздың қалай пайда болғаны нақты айтылмаған.

Айта кетейік, осы жылдың сәуір айында Хабибтің есепшоттары бұғаттан шығарылған болатын. Ол кезде шоттарға шектеу салынуының себебі – декларацияны белгіленген мерзімде тапсырмауы еді.

Сондай-ақ, 2024 жылдың тамызында UFC-дің бұрынғы чемпионы 320 миллион рубль көлеміндегі бұрынғы берешегін толық өтегені хабарланған.