Луис Суарес мансабын аяқтауға жақын

Динамо Киев от Шурика
Уругвайлық шабуылшы Луис Суарес кәсіби мансабын аяқтауы мүмкін. Бұл туралы Bassport.kz The Touchline басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазіргі таңда АҚШ-тың “Интер Майами” клубында өнер көрсетіп жүрген 38 жастағы форвард 2025 жылдың желтоқсанында аяқталатын келісімшартынан кейін футболдан кету мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Суарес “Барселона”, “Ливерпуль”, “Атлетико” сынды әйгілі клубтарда ойнап, әлем футболында өзіндік із қалдырды. Қазір ол өзінің досы Лионель Мессимен бірге бір командада өнер көрсетуде. Дегенмен шабуылшы соңғы кездері алаңға ауырсынумен шығатынын бірнеше рет мәлімдеген болатын.
Ресми шешім әзірге жарияланған жоқ. Алайда ойыншыға жақын дереккөздердің мәліметінше, Суарес маусым соңында бутсыларын шегеге ілу туралы жиі айтып жүр.