Дастан Сатпаев Ағылшын Премьер-Лигасында жоғары бағаға ие болды

Дастан Сатпаев Ағылшын Премьер-Лигасында жоғары бағаға ие болды
Футбол

Әлеуметтік желі

Ағылшын Премьер-Лигасында өнер көрсететін «Борнмут» клубының және Гана құрамасының шабуылшысы Антуан Семеньо қазақстандық жас футболшы Дастан Сатпаевты әлемнің ең талантты ойыншысы ретінде атады. Бұл туралы Bassport.kz «Scout in Eurasia» сілтеме жасап хабарлайды.

— Қазіргі уақытта әлемдегі ең талантты жас футболшы кім деп ойлайсыз?

— Бұл – оңай сұрақ емес, өйткені дарынды ойыншылар өте көп. Бірақ мен жуырда «Челсимен» келісімшартқа отырған бір жігітті ерекше атап өткім келеді.

— Дастан Сатпаев па?

— Иә, дәл өзі.

Айта кетейік, ағылшынның әйгілі «Челси» клубы Дастан Сатпаевтың трансферін 4 миллион еуроға рәсімдеді. Жас шабуылшы 18 жасқа толғаннан кейін ресми түрде Лондон командасының қатарына қосылады. Ал оған дейін ол Алматының «Қайрат» командасында өнер көрсете береді.