Винисиус “Реалдың” үш ойыншысымен сөзге келіп қалған: олар кімдер?

Винисиус “Реалдың” үш ойыншысымен сөзге келіп қалған: олар кімдер?
Футбол

realmadrid.com

Бразилиялық вингер Винисиус Жуниор мадридтік “Реал” командасының бірнеше ойыншысымен қарым-қатынасы шиеленісіп кеткені туралы Bassport.kz хабарлайды.

Don Balon дерегінше, Винисиус француз ойыншыларынан құралған “кланмен” – Ферлан Менди, Орельен Тчуамени және Эдуар Камавингамен мүлдем байланыс үзген. АҚШ-та өтіп жатқан Клубтар арасындағы әлем чемпионатында да олар алаңнан тыс уақытта бір-бірімен сөйлеспейді. Сонымен қатар, Винисиустың Джуд Беллингеммен де қарым-қатынасы жоқ екені ерекше атап өтілген.

Ойыншылар арасындағы түсініспеушіліктер көшбасшылық үшін талас аясында ушыға түскен. Килиан Мбаппенің командаға келуінен кейін ол жаңа көшбасшы ретінде алға шықты. Француз ойыншылары өз отандасына ерсе, Винисиус өзін бұрынғы бейресми лидерлік рөлінен ығыстырылғандай сезінеді.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, Винисиус бұл жағдайды бас бапкер Хаби Алонсоның өзімен талқылаған. Команда ішінде бұл тек жеке қатынастар емес, сонымен қатар ойыншының өз мінез-құлқын жақсарту қажеттігімен байланысты екені мойындалады. Әсіресе, оның матчтардағы эмоциялық реакциясы, әріптестерімен өзара әрекеті және қорғаныстағы жұмысқа жеткіліксіз қатысуы Хаби Алонсо тарапынан сынға алынып отыр.

Винисиус “Реалдағы” мәртебесін сақтау үшін тек ойын жағынан ғана емес, адами тұрғыда да алға қадам жасауы қажет екенін түсінеді. Мбаппемен көшбасшылыққа талас оған алаң ішінде де, сыртында да үлкен сынақ болып отыр.

Ішкі келіспеушіліктерге қарамастан, “Реал” клубтар арасындағы әлем чемпионатында бірлік көрсетуі тиіс. 1 шілде күні команда Туриннің “Ювентусымен” кездеседі, және бұл матчтың нәтижесі жұлдызды ойыншылар арасындағы өзара әрекетке тікелей байланысты болады.

Винисиус өзімен сөйлеспейтін әріптестерімен бірлесіп ойнауға мәжбүр болады – керісінше де солай. Тек осындай бірлік арқылы мадридтіктер чемпиондыққа үміткер болып, турнирдің ширек финалына өте алады.