Жазғы екпін: Бурабайда өтетін басты спорттық іс-шаралары

Жазғы екпін: Бурабайда өтетін басты спорттық іс-шаралары

Бурабай

Осы жазда Бурабай тағы да спорт сүйер қауымды өзіне тартатын орталыққа айналмақ. Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шетелден келген спортшылар мен әуесқойлар табиғат аясында өз күшін сынауға жиналады. Бұл – таза ауа, адреналин және нағыз спорттық рухтың тоғысатын сәті! 

 26 шілде – “Pike Man”

Бұл күні батыл жүзгіштер 3 шақырымдық Щучье көлі арқылы өтетін заплывқа қатысады. “Pike Man” — ашық суда жүзу әуесқойлары үшін дәстүрге айналған айтулы шара. Щучье көлінің тұнық суы мен табиғи көріністері бұл жарысты ерекше әсерлі етеді.

2 тамыз – AqBuraBay Trail AqBuraBay Trail – бұл таулы-тас жолдармен, орман мен ашық далалар арқылы өтетін трейл жүгірісі. Бұл – нағыз шыдамдылық пен төзімділікке сын. Әр шақырым – жаңа сынақ, әр қадам – ерік пен рухтың көрінісі.

9–10 тамыз – X-Waters Burabay

Жазғы спорт маусымының шарықтау шегі – X-Waters халықаралық фестивалі. Қатысушылар Бурабай көлінде өз шеберліктерін сынайды.

Қашықтықтар:

• 500 метр (бастаушыларға),

• 1 км,

• 4 км,

• және нағыз мықтылар үшін 8 км. 

 X-Waters Burabay – бұл жай ғана жарыс емес, бұл – рух пен төзімділіктің мерекесі. Әлемдік деңгейдегі жүзу форматындағы бұл шара табиғат пен спортты үйлестіре білетіндердің таңдауы. 

Жазды қозғалыспен қарсы ал! 

Бурабай – сенің келесі жетістігіңнің мекені! Қатыс, қолда, шабыттан! Толығырақ ақпарат пен тіркелу – іс-шаралардың ресми парақшаларында және Visit Aqmola парақшасында. 

 #SportBurabay #ЖазҚозғалыста #Xwaters #AqBuraBay #PikeMan #Burabay2025 #VisitAqmolа