Конор Макгрегор Илия Топурияның UFC 317 турниріндегі жеңісіне пікір білдірді

Getty Images
UFC-дің жұлдызды жекпе-жек шебері Конор Макгрегор жеңіл салмақтағы жаңа чемпион Илия Топурияның UFC 317 турнирінде бұрынғы чемпион Чарльз Оливейраны жеңгенінен кейін өз пікірін білдірді. Турнир АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында 28-інен 29-маусымға қараған түні өтті.
Макгрегор әлеуметтік желідегі парақшасында былай деп жазды:
«Құттықтаймын, Илия, менің бұрынғы титулдарымды жеңіп алғаныңмен! Бұл жігіт Пэддидің басына да өзінің жұмыртқаларын қоятынын айтты, ха-ха, әділ ойын. Бұл жеңіл салмақтағы тамаша жекпе-жек болды. UFC қайта оралды ма, әлде әлі де бірдеңе жетіспей ме? Үш нокаут қатарынан — бұл өте жақсы нәтиже. Нокаутты ешкім елемей өте алмайды. Маған бұл ұнайды. Чарльзге, әрине, жолы болмады. Бірақ стильдер жекпе-жек жасайды! Сен — керемет әрі аңызға айналған UFC файтері сың. Демал, бауырым».
Айта кетейік, Илия Топурия бірінші раундта Чарльз Оливейраны нокаутқа түсіріп, мансабында екінші салмақ дәрежесінде чемпион атанды.