Қазақстандық боксшы алғашқы кәсіби жекпе-жегін WBO және IBF чемпионымен өткізеді

Қазақстандық боксшы алғашқы кәсіби жекпе-жегін WBO және IBF чемпионымен өткізеді
Бокс

ҰОК

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов кәсіби рингтегі алғашқы қарсыласын анықтады, деп хабарлайды Bassport.kz.

11 шілде күні Алматы қаласында өтетін кеште Дулаттың дебюттік қарсыласы — Конго елінен шыққан тәжірибелі боксшы Мариос Матамба болмақ. 

Матамба — 30 жастағы мықты спортшы, оның кәсіби рекорды: 13 жеңіс (10 нокаутпен) және 2 жеңіліс. Ол WBO Africa және IBF African титулдарының иегері, жастар мен жасөспірімдер арасында Африка чемпионы атанған. Қазіргі таңда ол әлемнің ТОП-150 боксшыларының қатарына кіреді.