WBO Баходир Жалоловқа қатысты ресми шешім қабылдады

WBO Баходир Жалоловқа қатысты ресми шешім қабылдады
Бокс

Tapology

Өзбекстандық танымал боксшы Баходир Жалолов кәсіби бокстағы жетістіктерінің арқасында WBO (Дүниежүзілік бокс ұйымы) жаңартылған рейтингінде позициясын жақсартты.

Aуыр салмақта өнер көрсететін Жалолов WBO рейтингінің ТОП-15 қатарына еніп, 11-орынға тұрақтады. Аталған салмақта әлем чемпионы атағын украиналық Александр Усик иеленіп отыр. Уақытша чемпион белбеуі қазіргі таңда Жаңа Зеландия өкілі Джозеф Паркерге тиесілі. Ал рейтингтің көшін британдық Мозес Итаума бастап тұр.  

Еске салайық, Жалолов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың 5 сәуірінде Астанада өткізіп, украиналық Игорь Шевадзуцкийді төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.