Бақыт Сәрсекбаевты Олимпиада алдында Қазақстан құрамасына қосуды ұсынды

Бокс
Liter.kz
Белгілі бокс маманы Мұхит Амантаев 2008 жылғы Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаевтың қазіргі қазақ боксына қажетті тұлға екенін мәлімдеді, деп жазады Bassport.kz «Бірінші Бол» YouTube арнасына сілтеме жасап.
- Екі Олимпиаданы нөлмен өткіздік. Қашанғы шыдаймыз? Бір-бірімізге аяқтан шалатын кезең өтті. Енді Бақытты тарту керек. Бақыт аға жұмыс істесін. Қазіргі бас бапкер Қайрат аға - мықты маман. Бірақ болашақта оның орнын басатын адам - Бақыт. Олимпиадаға үш-ақ жыл қалды. Қазірден бастап оны бапкерлер штабына қосу керек. Бас бапкер болмаса да, кем дегенде Қайрат ағаның көмекшісі ретінде, - деді Амантаев.
Айта кетейік, бүгінде Бақыт Сәрсекбаев Қазақстанның 22 жасқа дейінгі жастар құрамасының бас бапкері қызметін атқарады. Оның жетекшілігімен Қазақстан U-22 құрамасы 2025 жылы Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында 22 алтын медаль жеңіп алған болатын.