Рамазан Оразовтың жары Даниядағы жалақысын айтып берді

Футбол
Қазақстан құрамасының және Данияның «Силькеборг» клубының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразовтың жары Расима YouTube желісіндегі «BorodAbata» арнасына берген сұхбатында шетелдегі тұрмыс пен жалақы деңгейіне қатысты пікір білдірді.
— Әрине, Данияда берілетін жалақы Қазақстанмен салыстырғанда төменірек. Бірақ бұл – Еуропа, мұнда орташа табыс деңгейі әлдеқайда жоғары. Біз өзімізді бір нәрседен шектеп отырмыз деп айта алмаймын, — деді футболшының жұбайы.
Айта кетейік, Рамазан Оразов 2024 жылдың жазында «Ақтөбеден» «Силькеборг» клубына ауысқан болатын. Қазіргі маусымда ол Дания біріншілігінде 24 матч өткізіп, 3 голдың авторы атанды.