Акмарал Ерекешева көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанға екінші алтын сыйлады

Басқа
ҰОК
Болгария астанасы Софияда өткен жасөспірімдер арасындағы көркем гимнастикадан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Акмарал Ерекешева керемет нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Жарыстың финалдық кезеңінде Ерекешева үш бірдей жаттығуда өнер көрсетіп, үшеуінде де жүлделі орынға ие болды:
Доппен жаттығуда – алтын
Лентамен жаттығуда – алтын
Шеңбермен жаттығуда – күміс
Акмарал Ерекешева – жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екі мәрте алтын жеңіп алған санаулы қазақстандық гимнасшының бірі.