Ресейдің үздік теннисшісі финал алдында Бубликке баға берді

Теннис
Getty Images
2021 жылғы US Open чемпионы, әлемнің 11-ракеткасы ресейлік Даниил Медведев Германияның Галле қаласында өтіп жатқан турнир финалы алдындағы қазақстандық Александр Бублик туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.
«Александр Бублик туралы айтатын болсам, ол жақында ғана мансабындағы ең сәтті турнирін “Ролан Гаррос” додасында өткізді. Бұл оның сүйікті жабындысы болмаса да. Ертең титул үшін күрескім келсе, өзімнің ең үздік ойынымды көрсетуім керек», — деп келтіреді Медведевтің сөзін Punto de Break.Еске сала кетейік, Бублик «Ролан Гаррос» турнирінде ширек финалға дейін жетіп, сол кезеңде италиялық Янник Синнерге жол берген болатын.
Галледегі жарыс 16–22 маусым аралығында өтуде, жүлде қоры — €2 522 220. Турнирдің қазіргі чемпионы — Янник Синнер (Италия).