Шавкат Рахмонов қазақстандық спортшыға көмектеседі

Шавкат Рахмонов қазақстандық спортшыға көмектеседі
Бокс
Жекпе-жек

Getty Images

Аралас жекпе-жек бойынша қазақстандық спортшы Фаниль Рафиков бокстан өткен жекпе-жекте ресейлік Мариф Пираевтың оны несімен таңғалдырғанын айтты. Бұл жекпе-жекте Рафиков төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Bassport.kz Betonmobile сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Фаниль Пираевпен күзде өтетін ММА ережелері бойынша реванш жекпе-жегіне Шавкат Рахмоновпен бірге дайындалатынын жеткізді.

— Жекпе-жек кезінде Мариф сізді бірдеңемен таңғалдырды ма? Қай қырымен? 

— Мариф мені жақсы бокстасуымен таңғалдырды. Өте үлкен шабуылмен шықты. Көбіне бірінші нөмірмен жұмыс істеді. Сонымен қатар, лас боксын көрсетті. Біз күзде 77 келі салмақта өтетін реваншқа ниеттіміз. Бұл бәріне қызықты болады.

— Реваншқа дайындық барысында сіздің негізгі спарринг-серіктесіңіз Шавкат бола ма? 

— Біз Шавкатпен бірге жаттығамыз, себебі біз бір клубтың спортшылары әрі достармыз. Стиль жағынан Шавкат Марифке ұқсамайды, бірақ біз әрқайсымыз өз жекпе-жектерімізге бірге дайындаламыз.