«Бірден титул үшін жекпе-жек өткізгім келеді». Шавкат Рахмонов UFC-ге қашан оралатынын айтты

Бокс
Жекпе-жек
Getty Images
UFC-дегі танымал қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов өзінің UFC-ге оралуы туралы «Вестник ММА» басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Bassport.kz SPORT+ сайтына сілтеме жасап.
«Өзім де қайтқым келеді, жарақатымды толық емдеп, дайын болуым керек. Барлығы жағдайға байланысты. Әрине, бірден титул үшін жекпе-жек өткізгім келеді, бірақ бәрін уақыт көрсетеді. Ең бастысы – кіммен жекпе-жекке шықсам да, дайын болу. Желтоқсан ба? Бастысы – жарақат мазаламаса болды, биыл жекпе-жекке шыққым келеді», – деді Рахмонов.
Айта кетейік, әлі жеңілмеген қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесіндегі рейтингінде үшінші орында тұр.