Қазақстандық таеквондошылар АҚШ-та өткен гран-при турнирін үш медальмен аяқтады

Қазақстандық таеквондошылар АҚШ-та өткен гран-при турнирін үш медальмен аяқтады
Жекпе-жек

Olympic.kz

АҚШ-тың Шарлотт қаласында таэквондодан Гран-при сериясының алғашқы кезеңі өтті, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

 Қазақстан құрамасы бұл беделді турнирді үш жүлдемен аяқтады. Команданың қоржынында бір күміс және екі қола медаль бар. 

 АҚШ-та екінші орынға Нодира Ахмедова ие болды. Ол 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетті. 

 Қола медаль иегерлері – Тамерлан Тлеулес (58 келіге дейін) және Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін).