Қазақстан құрамасының футболшысы клуб ауыстыруға жақын

Футбол
kff.kz
«Қайсар» клубының және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Айбар Жақсығылыков командадан кетуге жақын, деп хабарлайды Bassport.kz BorodAbata.kz сайтына сілтеме жасап.
27 жастағы футболшыға басқа қазақстандық клубтар тарапынан ұсыныстар түскен. Оның ауысуы жазғы трансферлік кезеңде жүзеге асуы мүмкін.
Қаржылық мәселелерге байланысты «Қайсар» негізгі ойыншыларының бірқатарынан айырылып қалуы мүмкін.
Айта кетейік, биылғы маусымда «қасқырлар» тек қазақстандық жергілікті ойыншылармен өнер көрсетіп жатыр. 12 турдан кейін ҚПЛ турнирлік кестесінде қызылордалықтар тоғызыншы орында тұр.