Мәжіліс депутаты: «Әр жыл сайын Чемпиондар лигасында ойнау, әлем чемпионатында үш матч өткізгеннен әлдеқайда тиімді»

Мәжіліс депутаты: «Әр жыл сайын Чемпиондар лигасында ойнау, әлем чемпионатында үш матч өткізгеннен әлдеқайда тиімді»
Футбол

Gazeta.uz

2026 жылғы әлем чемпионатына Өзбекстан құрамасының жолдама алуы Қазақстанда қызу талқыланып, ұлттық құраманы қайтадан Азия футбол конфедерациясына қайтару туралы ұсыныстар жиілей түсті. Алайда бұл мәселеге қатысты Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза өз көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

- Оңтүстіктегі көршілерімізді шын жүректен құттықтаймын - бұл кез келген мемлекет үшін үлкен жетістік. Бірақ Қазақстанды Азияға қайтарудың қажеті жоқ. Еуропа - бұл Еуропа. Бұл – №1 деңгей, орасан тәжірибе. Әр жыл сайын Чемпиондар лигасында ойнау - әлем чемпионатында төрт жылда бір үш матч өткізгеннен әлдеқайда тиімді, - деді депутат.

Еске сала кетейік, Қазақстан 2002 жылдан бастап УЕФА мүшесі болса, ал Өзбекстан құрамасы 1994 жылдан бері Азия футбол конфедерациясының (АФК) мүшесі болып саналады.