Нұралы Әліптің «Зениттен» кетпеуінің себебі белгілі болды

Футбол
KazFootball.kz
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліптің «Зениттегі» болашағына қатысты пікір білдірген бұрынғы бас бапкер Властимил Петржела футболшыға команда ауыстыруды ұсынды, деп хабарлайды Bassport.kz BorodAbata.kz-ке сілтеме жасап.
Сарапшының айтуынша, Әліп соңғы рет РПЛ-де толық 90 минуттық матчты 2024 жылдың қарашасында өткізген.
— Әліп «Зениттің» негізгі құрамына енбей жүргендіктен, басқа клуб іздегені дұрыс. Меніңше, оны Санкт-Петербургте ұстап тұрған — жалақы. Қазақстанда оған мұндай көлемде қаражат төлемейді. Мен Нұралының орнында болсам, кетер едім, — деді Петржела.
Айта кетейік, Нұралы Әліп ресейлік клубқа 2023 жылы тұрақты түрде қосылған болатын. Бұған дейін ол алматылық «Қайраттың» намысын қорғаған.