Криштиану Роналду өзбек футболшысына: «Сен не, Мессидің фанатысың ба?»

Футбол
Sportbox
Өзбекстан құрамасының жартылай қорғаушысы Жалолиддин Машарипов Nobel YouTube-арнасына берген сұхбатында “Аль-Наср” клубындағы командаласы Криштиану Роналду жайлы әсерлерімен бөлісті, деп хабарлайды Bassport.kz.
Машарипов 2021–2023 жылдар аралығында Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубында өнер көрсетіп, 40 матчта екі гол соққан. Ол Роналдумен бір командада ойнаған сәттерді жылы еске алады.
- «Криш - өте керемет адам. Көпшілік оны теледидардан көріп, тәкәппар деп ойлауы мүмкін. Бірақ жеке қарым-қатынаста ол өте қарапайым, кішіпейіл, бәріне құрметпен қарайды», - дейді Машарипов.
Футболшы өз сұхбатында Роналдумен алғашқы таныстық жайын да айтып өтті:
- «Алғашқы аптада онымен сөйлеспедім. Оны мазалағым келмеді. Бір күні өзі шақырды: “Маша, come here”, - дейді. Сосын: “Қалайсың? Бәрі жақсы ма?” деп сұрады. Мен: “Иә, жақсы” деп жауап бердім. Сол кезде ол маған қалжыңдап: “Сен не, Мессидің фанатысың ба?” деді. “Неге олай дедің?” десем, “Неге менімен сөйлеспейсің?” деп күлді», — дейді өзбек футболшысы.