Де Брёйне "Наполиге" ауысуды аяқтау үшін Италияға келді - Романо

Футбол
Getty Images
Бельгиялық жартылай қорғаушы Кевин Де Брёйне Италияға «Наполи» клубына ауысар алдында медициналық тексерістен өту үшін келді, деп хабарлайды Bassport.kz сайты, журналист Фабрицио Романоның әлеуметтік желідегі жазбасына сілтеме жасай отырып.
Фабрицио Романоның мәліметінше, бейсенбі күні футболшы отырған ұшақ Рим қаласына қонған. Кейінірек, 33 жастағы Кевин медициналық тексерістен өтеді.
Осыған дейін Романо бельгиялық жартылай қорғаушының «Манчестер Ситиден» «Наполиге» ауысуы толық келісілгенін және аяқталғанын хабарлаған болатын. Келісімшарт мерзімі - екі жыл, жалақысы 5 млн еуроны құрайды.
Өткен маусымды Кевин Де Брёйне «қалалықтар» сапында 40 ойын өткізіп, 6 гол соқты және 8 нәтижелі пас берді.