Али Алиевтің болашағына қатысты жаңа ақпарат шықты

Футбол
ҚФФ
Қазақстандық журналист Айбек Қабылша YouTube-тегі «Sport+» арнасында футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Али Алиевтің болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.
— «Али Алиевке әлі де сенім артылып отырған сияқты. Футбол федерациясы мен бірқатар сарапшылар кеше өткен ойынды оң бағалады. Команданың жеңілуіне бас бапкер кінәлі емес деген пікір айтылды. Беларусь құрамасынан жеңілгеннен кейін (1:4) оны орнынан алу туралы әңгімелер көп болды. Бірақ кеше Солтүстік Македониямен болған матчта (0:1) құрама жинақы ойын көрсетті. Егер жігіттер өздерін қолға алса, кез келген қарсыласқа қиындық туғыза алатынын дәлелдеді», — деді Қабылша.
Еске салайық, маусым айында Қазақстан құрамасы екі бірдей матчта жеңіліске ұшырады.