Қазақстан ұлттық құрамасы қатарынан екі жеңілістен кейін ФИФА рейтингісіндегі позициясын білді

Футбол
kff.kz
Беларусь және Солтүстік Македония құрамаларынан жеңілгеннен кейін Қазақстанның ұлттық футбол құрамасы ФИФА рейтингінде төмендеді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Football-ranking.com сайтының мәліметінше, Қазақстан 113-орыннан 114-орынға сырғып, Вьетнам (113-орын) мен Мадагаскардың (115-орын) арасына жайғасты.
Үздік үштікке Аргентина, Испания және Франция құрамалары кіріп отыр. ФИФА-ның ресми рейтингі 10 шілдеде ұйымның сайтында жарияланады.
Еске салайық, маусым айында Алик Алиевтің шәкірттері екі жеңіліс тапты — Беларусьпен өткен жолдастық матчта 1:4 есебімен және 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында Солтүстік Македониядан 0:1 есебімен ұтылды.