Дмитрий Бивол UFC жауынгерлері боксшыларға қарағанда неліктен азырақ ақша алатындығын түсіндірді

Бокс
Getty Images
Ресейлік боксшы Дмитрий Бивол жаңа бокс лигасының құрылуы немен қауіпті екенін айтып берді, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.
Сауд Арабиясы Бас ойын-сауық басқармасының жетекшісі Турки әл аш-Шейх пен UFC президенті Дана Уайт наурыз айында жаңа бокс лигасының құрылатынын жариялаған болатын. UFC және күрес шоуы WWE кіретін TKO Group Holdings қамқорлығымен іске қосылған бұл лига алғашқы турнирін 2026 жылы өткізуді жоспарлап отыр.
«ММА спортшылары әлдеқайда аз табыс табады, себебі бұл салада UFC монополист болып отыр. Ал бокста бір-бірімен бәсекелесетін көптеген ұйымдар бар — WBC, WBA, WBO, IBF, сондықтан олар боксшыларға жақсырақ жағдай ұсынуға мәжбүр. Егер барлығы UFC секілді бір ұйымға бағынса, табыс азаюы мүмкін. Дегенмен келіссөз жүргізу оңайырақ болады, үлкен жекпе-жектер ұйымдастыру жеңілдейді, келіспеушіліктер болмайды, демек бұл боксшының мансабын құруға пайдалы болады», — деп келтіреді Биволдың сөзін Forbes Sport.