Михаил Мудрик "Челси" сапында Конференция лигасының жеңімпазы ретінде медальін алды

Михаил Мудрик
Футбол

Getty Images

Украиналық вингер Михаил Мудрик Конференциялар лигасында «Челси» жеңіске жеткені үшін медаль алып, турнирді жеңіп алған құрметіне ұйымдастырылған кешке қатысты, деп хабарлайды Bassport.kz сайты. Бұл туралы танымал журналист Бен Джейкобс X әлеуметтік желісінде хабарлады.

Еске сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Мудриктің допинг-тестінің оң нәтиже бергені белгілі болған еді. Футболшының өкілдері оның допинг ережелерін әдейі бұзбағанын мәлімдеген. Егер допинг қолдану фактісі расталса, Михаил Мудрик төрт жылға дейін футболдан шеттетіліп, дисквалификациялануы мүмкін.

Фото: Бен Джейкобстың X әлеуметтік желісіндегі аккаунты

2024/2025 маусымында украиналық вингер жалпы 15 матч өткізіп, 3 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.