Маркус Рашфорд «Барселонаға» ауысу үшін барлығына дайын, тіпті, жалақысын қысқартуға дайын

Маркус Рашфорд «Барселонаға» ауысу үшін барлығына дайын, тіпті, жалақысын қысқартуға дайын
Футбол

Getty Images

«Манчестер Юнайтед» клубының 27 жастағы шеткі шабуылшысы Маркус Рэшфорд Каталониялық «Барселонаға» ауысу үшін жалақысын төмендетуге дайын. Бұл туралы Испаниялық Sport.es онлайн-басылымы хабарлады. Басылымның мәліметінше, футболшы «Барсада» тіркелу үдерісін жеңілдету үшін осындай қадамға баруға келісіп отыр.

Бұған дейін «Манчестер Юнайтед» Рэшфордты 45 миллион еуроға сатуға дайын екені хабарланған. Өткен маусымның екінші жартысында ағылшын футболшысы «Астон Вилла» сапында аренда негізінде ойнады. Ол Бирмингем клубы үшін 17 матчта төрт гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Жалпы алғанда, осы маусымда әмбебап шабуылшы АПЛ аясында 26 матч өткізіп, алты гол соқты.