"Ордабасы" ФК ойыншылары ерекше балаларға футболдан шеберлік сағатын өткізді

"Ордабасы" ФК
1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай Қазақстан футбол федерациясы және «Болашақ» КҚ ұйымдастыруымен өткен шеберлік сағатына еліміздің тоғыз өңірінен «UNI Football League» инклюзивті футбол секциясының 120-ға жуық қатысушысы қатысты, деп хабарлайды Bassport.kz сайты Қазақстан Футбол Федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Клуб сапынан шабуылшы Лука Имнадзе, қорғаушылар Сағадат Тұрсынбай мен Виктор Мудрак және қақпашы Айдос Кемаладин доппен жұмыс істеудің түрлі техникасын көрсетті.





Шара балаларды өзара қарым-қатынас жасау, салауатты өмір салтын сақтау, физикалық дағдыларын жетілдіру, әлеуметтік және спорттық іс-шараларға тарту мақсатында өтті. «UNI Football League» – аутизм, Даун синдромы және басқа даму ерекшеліктері бар балаларға арналған инклюзивті республикалық футбол секциясы. Жобаға әр қалада инклюзивті білім беру курстарынан өткен, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс тәжірибесі бар UEFA B, C, D санатындағы жаттықтырушылар тартылған.