Криштиану Роналду Клубтық Әлем Чемпионатында ойнау мүмкіндігі артты

Криштиану Роналду Клубтық Әлем Чемпионатында ойнау мүмкіндігі артты
Футбол

Getty Images

Саудиялық «Аль-Наср» клубының және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду, үлкен ықтималдықпен, жаңа форматтағы клубтық әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Bassport.kz сайты Marca басылымына сілтеме жасай отырып. Бұған дейін португалиялық жұлдыздың «Аль-Насрдан» кететіні туралы ақпарат тараған болатын.

Басылымның мәліметінше, Криштианудың қолында клубтық әлем чемпионатына қатысатын бірнеше командадан ұсыныстар бар. Турнирдің топтық кезеңіне алты конфедерациядан 32 команда қатысады, олар сегіз топқа бөлінеді.

Әр топтан үздік екі команда плей-офф кезеңіне жолдама алады. Финалдық матч 2025 жылдың 13 шілдесінде АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Ист-Резерфорд қаласында орналасқан «МетЛайф» стадионында өтеді. Турнирдің жүлде қоры 1 миллиард АҚШ долларынан асады.