Нейт Диаз қандай жекпе-жек үшін UFC-ге оралуға дайын екенін айтты

Бокс
Жекпе-жек
Getty Images
Нейт Диаз UFC-ге оралып, Макгрегормен, Холлоуэймен немесе Топуриямен BMF титулы үшін соғысуды қалайды, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.
Басы даудан арылмайтын UFC жауынгері Нейт Диаз промоушенге оралудың негізгі себебі ретінде Конор Макгрегормен үшінші айқасты (трилогияны), сонымен қатар бұрынғы UFC жеңіл салмақ дивизионының чемпионы Макс Холлоуэймен немесе Илия Топуриямен "BMF" (Bad Motherf***er) шартты титулы үшін кездесуді көрсетті.
«Мен UFC-ге оралуды жоспарлап отырмын. Біздің Конормен аяқталмаған істеріміз бар сияқты. Бұл болуы керек. Сонымен қатар, мен Макс Холлоуэймен немесе Илия Топуриямен BMF белбеуі үшін төбелескім келеді», — деді ол Red Corner MMA-ға берген сұхбатында.
Еске салайық, Диазтың UFC-тегі соңғы ресми айқасы 2022 жылдың қыркүйегінде болған болатын, онда ол Тони Фергюсонды төртінші раундта буын басып жеңген еді.