Қазақстан құрамасының ойыншысы Станислав Черчесовқа не үшін риза екенін айтты
ТАСС
Қазақстан құрамасы мен Словакияның «Кошице» клубының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек бұрынғы бас бапкер Станислав Черчесов туралы ойын білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz YouTube-тегі BorodAbata арнасына сілтеме жасап.
Айта кетейік, Кенжебек ұлттық құрама сапындағы дебютін 2024 жылдың 14 қарашасында Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі Австрияға қарсы өткен ойында жасаған. Ол кезде бас бапкер қызметін ресейлік маман Станислав Черчесов атқарған. Бұл матчта Қазақстан құрамасы 0:2 есебімен жеңіліп қалған болатын.
Қазақстан құрамасына алғаш рет ресейлік бапкер Станислав Черчесов шақырды. Оның жалақысы жоғары болды, алайда команда бірде-бір гол соқпады. Журналистермен жиі жанжалға барды, тілімізді де сынады. Сол кезде ойыншылар қандай көңіл күйде болды, реніш болды ма?
«Өз басым Станислав Саламовичке тек алғыс айта аламын. Өйткені менің құрамадағы дебютім осы адамның тұсында болды. Команда ішінде ол жайлы жағымсыз ештеңе естіген жоқпын. Мүмкін, мен ол кезде жаңа келген ойыншы болған шығармын. Қалай болғанда да, мен оған ризашылығымды білдіремін»,- деді Кенжебек.