АҚШ боксшысы Жәнібек Әлімханұлын «жалқау» деп атап, жекпе-жекке шақырды

АҚШ боксшысы Жәнібек Әлімханұлын «жалқау» деп атап, жекпе-жекке шақырды
Бокс

Әлеуметтік желі

Орта салмақта өнер көрсететін америкалық боксшы Кайрон Дэвис (19-3-1, 6 КО) қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Дэвистің айтуынша, ол орта салмақтағы барлық чемпионмен рингке шығуға дайын. Қазіргі таңда Жәнібек WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие. Ал WBA белбеуі кубалық Эрисланди Лараға, WBC титулы доминикандық Карлос Адамеске тиесілі.

«Олардың бәрі жайдан-жай чемпион болып жүрген жоқ. Сондықтан ешқайсысын менсінбеуге болмайды. Мұндай деңгейде жұдырықтасып жүрген әрбір боксшы – мықты. Мен олармен рингке шығуға дайынмын.


Лара қазір аздап жасына келіп қалды. Адаместің қорғаныста әлсіз тұстары көп. Ал Жәнібек – техникасы жан-жақты дамыған боксшы. Дегенмен кей кездері жалқаулық танытып жатады. Дегенмен әрқайсысына қарсы тактика табуға болады. Мен олармен айқасқым келеді», – деді Дэвис Boxingscene.com порталына берген сұхбатында.