Бибісара Асаубаева әлемдік топ-10 қатарына енді
Бибісара Асаубаева. Сурет: Instagram @bibisarachess
Халықаралық шахмат федерациясы жаңартылған дүниежүзілік рейтингіні жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Әйелдер арасындағы рейтингіде Қазақстан құрамасының көшбасшысы Бибісара Асаубаева үш сатыға жоғарылап, тоғызыншы орынға жайғасты. Қазіріг таңда Бибісараның қоржынында 2516 рейтингілік ұпай бар.
Әлемдік рейтингіде қытайлық Хоу Ифань (2596) көш бастап тұр, үздік бестікті де аспан асты елінің өкілдері құрап тұр - Чжу Цзиньэр (2578), Лэй Тинцзе (2566), Цзюй Вэньцзюнь (2559), Тань Чжуньи (2535).
Сонымен қатар, үздік ондық тізімінде үндістандық Хампи Конеру, Александра Горячкина, Анна Музычук пен Екатерина Лагно бар.
Еске салайық, ұлттық құрама көшбасшысы Бибісара Асаубаева наурыз айының соңында Үміткерлер турнирінде бақ сынайды.