Александр Бубликтің "мыңдық" жарыстағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

Александр Бубликтің
Теннис

Александр Бублик. Сурет: Zuma Press Wire

АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтетін ATP 1000 жарысының жеребе тартр рәсімі өтті. Ондақ екі қазақстандық теннисші Александр Бублик пен Александр Шевченко өнер көрсетеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қазақстанның бірінші, әлемнің оныншы ракеткасы Александр Бублик турнирді екінші айналымнан бастайды. Отандасымыздың "мыңдық" жарыстағы алғашқы қарсыласы Майкл Чжэн - Артур Казо арасындағы матчтың жеңімпазы болмақ. 

Ал Шевченко турнирді бірінші айналымнан бастап, іріктеу кезеңі қатысушыларының бірімен шеберлік байқасады. 

ATP 1000 турнирі 4-15 наурыз аралығында өтеді, жарыстың жүлде қоры - 9.5 млн доллар.