Айбота Ертайқызы Азия чемпионы атанды

Басқа
ҰОК
Сингапурда өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Айбота Ертайқызы алтын жүлдегер атанды.
Ол таспамен жаттығудың финалында қарсыластарынан оза шауып, жеңіс тұғырынан көрінді. Сондай-ақ Айым Мейіржанова ұршықпен жаттығуда қола медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, Айбота Ертайқызы бұған дейін жекелей көпсайыс нәтижесінде де үздік үштікке еніп, қола медаль иеленген болатын.