Килиан Мбаппе енді “Реал Мадрид” сапында басқа нөмірмен өнер көрсетеді

Килиан Мбаппе енді “Реал Мадрид” сапында басқа нөмірмен өнер көрсетеді
Футбол

РМ

Франциялық шабуылшы Килиан Мбаппе мадридтік “Реал” клубында жаңа маусымнан бастап №10 жейде киетінін хабарлады, деп жазады Bassport.kz.

26 жастағы футболшы әлеуметтік желідегі парақшасында “10” саны бейнеленген жазба жариялап, алдағы 2025/26 маусымда дәл осы нөмірмен алаңға шығатынын меңзеді.

Айта кетейік, бұған дейін №10 жейде Лука Модричке тиесілі болатын. Хорватиялық жартылай қорғаушы осы жазда еркін агент ретінде “Милан” клубына ауысты.

Өткен маусымда Мбаппе “Реал” сапында №9 нөмірімен ойнады. Өткен маусымда Килиан Мбаппе Испания чемпионатында 31 гол соғып, “Алтын бутса” иегері атанды.