Бақтиёр Зайнутдинов ресейлік команда сапына көшпек

Бақтиёр Зайнутдинов ресейлік команда сапына көшпек
Футбол

ҚФФ

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиёр Зайнутдинов Түркияның «Бешикташ» клубынан Мәскеудің «Динамо» командасына ауысып жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz Euro-football.ru-ға сілтеме жасап.

Журналист Иван Карповтың Telegram-арнасындағы ақпаратына сәйкес, 27 жастағы ойыншы 23 шілде күні Мәскеуге барып, медициналық тексеруден өтеді. Егер бәрі сәтті өтсе, Зайнутдинов «Динамо Москва» клубының толыққанды ойыншысына айналады.

Мәліметтерге қарағанда, футболшымен келісімшарт 2029 жылдың жазына дейін жасалады. Ал трансфер құны — 2,5 миллион еуро. Бұдан бөлек, қосымша бонустар қарастырылған.

Айта кетейік, Бақтиёр Зайнутдинов «Бешикташ» сапында 2023 жылдың жазынан бері ойнап келеді. Бұған дейін ол Ресей чемпионатында «Ростов» пен ЦСКА командаларында өнер көрсеткен. «Динамоның» қазіргі бас бапкері Валерий Карпинмен Зайнутдинов «Ростов» кезінен жақсы таныс.