Хасбик: «Эй, Топурия, егер шынымен бұл белбеуді алғың келсе, мен дайынмын. Мен бұл белбеуді қайтадан Дағыстанға алып келемін»

Хасбик: «Эй, Топурия, егер шынымен бұл белбеуді алғың келсе, мен дайынмын. Мен бұл белбеуді қайтадан Дағыстанға алып келемін»
Бокс
Жекпе-жек

Хасбиктің Instagram-парақшасы

Атақты ресейлік видеоблогер, UFC спорт ұйымының амбассадоры Хасбулла Магомедов, көпшілікке Хасбик атымен танымал, жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Илия Топурияға қарсы жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz сайты. Бұл туралы ол жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион Чарльз Оливейраның орнына шығуға дайын екенін айтып, әлеуметтік желіде жазды.

«Эй, Топурия, егер шынымен бұл белбеуді алғың келсе, мен дайынмын. Дана Уайт, маған келісімшарт жібер. Мен бұл белбеуді қайтадан Дағыстанға алып келемін», — деп жазды Хасбик.

Еске салайық, жеңіл салмақтағы UFC белбеуі қазір бос тұр. Бұл белбеу үшін Илия Топурия мен Чарльз Оливейра 28 маусым күні UFC 317 турнирінің басты жекпе-жегінде күш сынасады. Турнир атақты Лас-Вегастағы «T-Mobile» аренасында өтеді.