Ислам Махачевтің менеджері: Топурия мен Оливейра титул үшін төбелеспек, бірақ барлығы чемпион кім екенін біледі

Ислам Махачевтің менеджері: Топурия мен Оливейра титул үшін төбелеспек, бірақ барлығы чемпион кім екенін біледі
Бокс
Жекпе-жек

Getty Images

Жеңіл салмақтағы (70 кг дейін) UFC-дің бұрынғы чемпионы Ислам Махачевтің менеджері Әли Абдель-Азиз ресейлік спортшының жартылай орта салмаққа (77 кг дейін) ауысуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz сайты. 

«Бұл жігіттер – Чарльз Оливейра мен Илия – титул үшін жекпе-жек өткізеді. Бірақ бұл дивизионда кімнің чемпион екені бәріне белгілі. Ислам титулынан айырылған жоқ», – деп келтіреді Абдель-Азиздің сөзін MMAJunkie басылымы.

Еске салайық, бұған дейін ұйымның бұрынғы чемпиондары – бразилиялық Чарльз Оливейра мен грузиялық Илия Топурия жеңіл салмақтағы бос тұрған чемпиондық белбеуді сарапқа салатыны белгілі болған еді. Бұл жекпе-жек 29 маусым күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін UFC 317 турнирінде өтеді.