ФИФА Президенті ӘЧ-2030 турниріне арналған маңызды өзгерісті атады

ФИФА Президенті ӘЧ-2030 турниріне арналған маңызды өзгерісті атады
Футбол

Getty Images

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) президенті Джанни Инфантино 2030 жылы өтетін әлем чемпионатына 64 команданың қатысу идеясын қолдайтынын білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz Sport24.ru сайтына сілтеме жасап.

ФИФА-ның Парагвайда өткен 75-ші Конгресінде КОНМЕБОЛ президенті Алехандро Домингес өзінің инаугурациялық сөзінде барлық ұлттық қауымдастықтарды креативті ойлауға шақырып, 1930 жылы алғашқы рет ұйымдастырылып, Уругвай жеңіске жеткен әлем чемпионатының 100 жылдығына арналған турнирде ешбір ел сырт қалмауы керектігін атап өтті.

«100 жылдық мерейтой — бұл ерекше оқиға болады. Осы орайда мен Алехандро [Домингестің] сөздерін ерекше атап өткім келеді. Ол бізге бұл мерекені лайықты деңгейде атап өту жолын ойластыруды ұсынды. Сондықтан кез келген идея — құнды», — деп келтіреді Инфантиноның сөзін ESPN.
Айта кетейік, егер чемпионатқа қатысатын командалар саны артса, Әлем чемпионатының финалдық кезеңінде әлі бірде-бір рет ойнамаған Қазақстан құрамасының жолдама алу мүмкіндігі де жоғарылайды.