Эрлинг Холланд Илькай Гюндоган жайлы: «Онымен бірге ойнау — нағыз ләззат болды»

Эрлинг Холланд Илькай Гюндоган жайлы: «Онымен бірге ойнау — нағыз ләззат болды»
Футбол

Alex Pantling/Getty Images

«Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд командадан кеткелі жатқан жартылай қорғаушы Кевин Де Брёйне және 2024/2025 маусымының Ағылшын кубогы финалы туралы пікір білдірді. Финал 17 мамыр, сенбі күні, Астана уақытымен 21:30-да «Кристал Пэласқа» қарсы өтеді.

«Онымен бірге ойнау — нағыз ләззат болды. Қалған екі ойында да жақсы уақыт өткіземіз деп үміттенемін. Біз бірінші секундтан-ақ бір-бірімізді түсіністік, ал ол кеткенде менің жақын досымнан айырылатын боламын, бұл өте өкінішті. Мүмкін, ол «Манчестер Сити» тарихындағы ең үздік ойыншы болған шығар. Оны алмастыру мүмкін емес, себебі оның ойынды бастау тәсілі ерекше. Ол маған көп көмектесті, кей жағдайлар тіпті күлкілі болды. Біз осы сәттерден барынша ләззат алуымыз керек, онымен жақсы қоштасуымыз керек.

Ағылшын кубогының финалы ма? Әрине, бұл өте маңызды. Біз оны жеңіп алу үшін бар күшімізді саламыз. Бұл – ерекше трофей», — деп келтіреді Холандтың сөзін «Манчестер Сити» баспасөз қызметі.